You are here

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 4 қарашада Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық жастар акциясының жолын ашып, бастау алуын жария етті.   

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Юрий Тимощенко, ҚХА мүшелері және өңірлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Акция жастарды Мемлекет басшысының бейбітшілік пен татулық саясатын іске асыруға шоғырландырып, 5 институционалдық реформаны, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын қолдауға бағытталған. 

«Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» атты кітап акцияның символы ретінде таңдалған. 

«Мәңгілік Ел – бұл бейбітшілік пен келісімнің құндылықтарын нығайтатын жалпыұлттық патриоттық идея. Бұл – біздің бабаларымыздың ұлы арманы.   Біздің алдымызда, еліміздің қазіргі заманғы буынының алдында асқақ міндет – осы арманды жүзеге асыру міндеті тұр», - деді өз сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова.

Акцияға қатысушылардың бірі, әнші Әли Оқапов еліміздің талантты жастарының атынан сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа алғыс сезімін жеткізді.   «Бүгінде біздің мемлекетіміз бен Елбасы Қазақстанның әр азаматының өзін-өзі дамытуы, өсуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр.  Бізді үлкен мүмкіндіктер елі, Ұлы Дала Елі деп атайды. Туған еліміздің, Қазақстанымыздың даңқын арттыра беру – біздің парызымыз», - деді ол акция қатысушыларына арнаған сөзінде.

Акция барысында оның қатысушыларының  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа үндеуі қабылданды. Онда жастардың Ұлы Дала Елінің дәстүрлеріне адал болу, Болашағы біртұтас ел – Мәңгілік Елдің қасиетті құндылықтарын сақтап, ұлғайта беру жөніндегі уәделері көрініс тапқан.

_______________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7775 400 86 39,

E-mail: info_rgy@mail.ru,

www.assembly.kz

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫНЫҢ БАСТАУ АЛУЫ

ҚХА «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ОҚО

«Менің Елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Жамбыл облысында

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ СЫР ЕЛІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ОРАЛДА

«МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ПАВЛОДАРДА

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА КІТАП ЖОЛДАДЫ!

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

СҰЛУЛЫҚ ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ!

НӘЗІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРУ...

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

«ӘЛЕМ. XXI ҒАСЫР» МАНИФЕСІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ ФОТОКӨРМЕ

АҚТӨБЕДЕГІ «Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ МАНИФЕСТІ. ӘЛЕМ.XXI ҒАСЫР» ЖАЛПЫҰЛЛТЫҚ БІРІГЕЙ ТАҚЫРЫПТЫҚ КҮНІ

«ДОСТЫҚ» ФЕСТИВАЛІ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАЯНДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР...

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА КЕҢЕСІ ӨТТІ

ОҢТҮСТІК ПОЛЮС» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ САПАРҒА ШЫҚТЫ

АНАЛАР КЕҢЕСІ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА КӨЗҚАРАС...

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15