You are here

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

24.10.2016, 12:45   1294

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 21 қазанда Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистика саласындағы Қазақстан Республикасының  25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері,  медиа-құрылымдардың басшылары, сондай-ақ, республикалық, өңірлік және этностық БАҚ, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен жастар қауымы қатысты.

Ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстанның Тұңғыш  Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін, бейбітшілік пен келісім саясатын нығайтудағы рөлі 2016 жылғы «Шаңырақ» байқауының басты тақырыбы болды.       

Байқау ҚХА-ның «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілуді. 

Биылғы жылы байқау шеңберінде 3 аталым бойынша және мемлекеттік тілді насихаттау мен дәріптеу, Ассамблеяның Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған іс-шараларын өткізуге бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қосқан үлестерін бағалау үшін ҚХА Хатшылығының арнайы жүлделері түрінде ең үздік 25 журналиске сыйлықтар табыс етілді (1-Қосымша).

Сонымен қатар іс-шара барысында «Қазақстан» РТРК «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонын ынтымақтастықпен өткізгені үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен марапатталды.

Байқауға қатысу үшін 200-ден астам өтінім келіп түскен, оның ішінен республикалық кезеңге  75 өтінім іріктеліп алынды, соның ішінде 19 өтінімде телематериалдар, 10 өтінімде радиоматериалдар, 36 өтінімде басылымдық материалдар қамтылған.

Байқауға түскен жұмыстарды құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов (төраға), «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Т.Н.Костина,   «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары Қ.Олжай,   «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Р.Д.Кертаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің журналисі А.Төлеуханқызы, ҚХА Журналистер клубының құрметті төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ этностық және діни толеранттылық кафедрасының меңгерушісі Ғ.М.Шалахметов, «Астана» радиосының директоры, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Г.Ә.Қаракөзова,  «Достық-Дружба» республикалық  журналының бас редакторы  З.Сейсенова және ҚХА  хатшылығының сарапшысы   А.Могунов бар қазылар алқасы қарап, бағалады. 

Байқауға қатысушылар мен қонақтарға арналып, университет холлында «Тәуелсіздіктің 25 сәті» фото көрмесі ұйымдастырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15