«Жасай бер, Қазақстаным» атты вокалдық сайысы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

22 сәуір күні Астананың 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығына орай Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктернің шығармашылық ұжымдарының арасында «Жасай бер, Қазақстаным» вокалдық сайысы өтті. Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Байқаудың мақсаты – ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды фактор ретінде мемлекеттік тілді оқыту және көпшілікке тарату, этномәдени бірлестіктерінің  шығармашылық ұжымдарының шеберлігін жоғарылату.  Байқауға Сафронова Юлия – фин-угор этномәдени бірлестігінің, «Вир» неміс бірлестігінің вокалдық тобы,  «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық ұжымы, «Ариран» корей бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Чишмя» татар-башқұрт бірлестігінің вокалдық ұжымы,  тәжік этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Сеспель» чуваш бірлестігінің вокалдық ұжымы, «Маргаритари» грек бірлестігінің вокалдық ансамблі және «Туған жер» финн-уғор бірлестігінің вокалдық тобы қатысты. 

«Біздің еліміз гүлдене берсін, Астанамыздың 20 жылдығы құтты болсын, Павлодар облысымыздың 80 жылдығы мерейі асып, осындай жастарымызбен, ұлттарымыз аман-есен боп, тек елімізді мақтан етіп әніне қоса берсін» деп атап өтті өз сөзінде Б.Ш. Максилова.

Байқаудың қорытындысы бойынша Сафронова Юлия, «Вир» неміс этномәдени бірлестігінің қатысушылары,  «Чишмя» татар- башқұрт бірлестігінің  және  «Сеспель» чуваш бірлестігінің белсенді қатысушылары жоғары марапатқа ие болды. «Көрермендер көзайымы» номинация бойынша «Маргаритари» грек этномәдени вокалдық ансамблі марапатталды.

Үшінші орынды «Туған жер» атты фин-угор этномәдени бірлестігінің вокалдық тобы иеленді, екінші орын «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық тобына бұйырды, ал бірінші орынға «Ариран» корей этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі ие болды. Тәжік этномәдени бірлестігінің вокалдық шығармашылық тобы гран-при иегері болып атанды.

«Баршаңызды Павлодар облысының 80 жылдығы, Елордамыз Астанамыздың 20 жылдығы мерейтойларымен құттықтаймын. Шығармашылық ұжымдар бүгін өте тамаша өнер көрсетті, қазылар алқасы сайысты барынша әділ бағалауға тырысты. Бірінші кезекте мемлекеттік тілде ән айтылып жатқандықтан, тіл тазалығына ерекше көңіл бөлінді» деді қазылар алқасының мүшесі А. Оралхан.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.