«Вундеркиндтің» төртінші түлектері

Версия для печатиPDF versionEPUB version

28 мамыр, сенбі күні Астанада «Возрождение» неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігі жанындағы мектепке дейінгі білім беретін «Вундеркинд» орталығын бітіруші түлектердің таңертеңгілік мерекелік кеші өткізілді

Іс-шараның сахналық қойылымында  «Авангард» жобасымен аттары танылған өткен жылғы түлектер Анастасия Риммер мен Юлия Оборовская ертегі кейіпкерлері - Пеппи мен қарақшы Греттаны сомдады.

Орталық әдіскері Роза Приваленко өзінің жүрек тебірентерлік сөзінде орталыққа келген балалардың жарқын өмірлерінен сыр шертіп, олардың одан арғы жарқын кезеңдеріне сәттілік тіледі.

«Мектепке дейінгі білім беру орталығына әртүрлі ұлттың балалары келеді. Олардың қатарында қазақтың, поляктың, немістің, өзбектің, украинның, белорустің және тағы басқа ұлттардың балалары бар. Қазіргі уақытта бізде төрт жас пен жеті жас аралығына дейін 42 бала оқып жатыр. Бүгін біз төртінші рет осындағы балаларды мектепке шығарып салғалы тұрмыз.  Олар тестілеуден өтті. Ал оның қорытындысына ата-аналары дән риза»,-деді шара барысында орталық жетекшісі Наталья Берг.

Жарасымды іс-шараның көрігін қыздырған балалар би билеп, неміс тілінде өлең оқыды. Кеш қорытындысында түлектерге білім беру орталығын бітіргендігі туралы сертификаттар мен мектепке арналған құрал-саймандар жиынтығы табыс етілді. Ал олардың ата-аналары Алғыс хаттармен марапатталды.

Орталықтың басты міндеті - балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал жасау. Бұл орталықта екі блок жұмыс істейді. Этномәдени орталықтар блогында балалар ойын түрінде қазақ және неміс тілін оқып, меңгереді. Сондай-ақ, олар қолданбалы өнер мен неміс қолөнерінің негізін білуге үйренеді.

Жалпы білім беру жоспарына сәйкес, балаларды мектепке даярлау блогында - математика пәні өткізіліп, оларды дұрыс жаза білуге, қисынды ойлай білуге, қоршаған әлем мен психологияны танып білуіне машықтандырады. 

   

 

 

 

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.