You are here

«Вайнах» ансамблінің есеп беру концерті өтті

26.09.2017, 11:04   514

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласы Оқушылар сарайында  «Вайнах» қоғамдық бірлестігі «Шешен-ингуш этномәдени орталығының» халықтық ансамблінің есеп беру концерті өтті.

Өткізілген мерекеде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Аталмыш іс-шараны Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты елордалық этномәдени орталықтар арасында  этносаралық қатынастарды нығайтуға, сонымен қатар қоғам назарын аударуға бағытталды.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығында 20 жылға уақыт би ансамблі жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында республикалық конкурстардың лауреаты, халықтық атағына ие болып табылады. Ансамбль қайырымдылық концерттерге қатысып, балалар ансамблі вайнах халқының мәдениетін сақтап, жеткізіп келеді.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы  Г.Н. Тайгокова өзінің сөзінде елордалық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шешен және ингуш халықтарының ұлттық мәдениетін сақтауға және дамытуға өз үлесін қосып келгенін атап өтті. Іс-шара барысында ансамбльдің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар тапсырылды.

Концертте көрермендер «Вайнах» Шешен-ингуш этномәдени орталығының шығармашылық ұжымының қатысуымен концерттік ойын-сауық бағдарламаларын көруге мүмкіндік алды. Кавказ биі, қайталанбас ұлттық нақыштар, өткір мінезділіктің бірегей сипаты таныстырылды.  

Бұл мереке Кавказ мәдениетінің көп қырлы шығармашылығын  көруге мүмкіндік берді. Есеп беру концертінің бағдарламасында, вокалды-хореографиялық және аспаптық композициялар,  кавказдық әндер орындалды. Жас әнші Мациева Петиматтың  француз тілінде «Derniere danse»  орындаған әніне тыңдаушылар ду қол шапалақтады. Музыкалық ұжымның есеп беру концерті «Туған жер» финалдық әнін орындаумен аяқталды.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15