Ұлы Жеңіс иелеріне құрмет көрсетілді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Міне, биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Бізге бейбіт өмірді сыйлаған аға ұрпаққа әрдайым құрмет көрсетуді естен шығармаймыз. Айтулы дата қарсаңында, яғни осы жылдың 5 мамырында Елордалық орыс қауымдастығы мен «Дала аймағы казактарының одағы» бірлесіп Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне мерекелік концерт өткізді.

Мерекелік кештің сәнін келтірген Астана қаласындағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы әскери өмірді бейнелейтін плакаттармен безендірілді. Бұл көрініс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Майдангерлер осында жиналған жастарға соғыс кезінде басынан өткергендерін әңгімелеп берді.

Астанадағы қоғамдық бірлесітктер, жалпы осы қаладағы өнерпаздар  әрбір жиынды маңызды өткізуге атсалысады. Олар бұл жолы да жиналғандардың ыстық ықыласына бөленіп, әннен шашу шашты.  Мәселен, көпшілікке жылы әсер сыйлаған  «Раздолье» ансамблі, орыстың халық ансамблі «Ладушка» мен «Әжелер шаңырағы» ансамблі мүшелерін атап өтуге болады. 

Кешті ұйымдастырушылар майданергерлер мен тыл ардагерлеріне сыйлықтар табыс етті. Соңынан көпшілік бізге бейбіт өмірді сыйлаған аға ұрпақпен естелік суретке түсті.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
тел: +7707-310-53-54
WhatsApp-8-777-310-53-56
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.