You are here

Украинаның Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел

04.09.2015, 17:15   2287

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ү.ж. 4 қыркүйекте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Украина тәуелсіздігі – туған ел патриоттары ұрпақтарының күрес нәтижесі мен ақталған үміті, өлшеусіз құндылығы...» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігі жанындағы «Украина ғылымы мен мәдениеті» орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Қазақстан украиндықтарының радасы» республикалық бірлестігі, Қазақстан-украина достығы қауымдастығы ұйымдастырды. Кездесуге Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессорлар-оқытушылар құрамы, студент жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасындағы Украина істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник мәжіліске қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Ол осы өткізіліп отырған кездесудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ және украин халықтарының тығыз байланысына баса көңіл бөлді және оның алдағы уақытта тек нығайып, түрлі бағыттарда дами беретініне сенім білдірді.

Мәжіліске қатысушылар Украинаның қазір уақыттағы ауыр жағдайына тоқталып өтті. Барлығының  пікірлері бір жерден шығып, елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси күйзелістен тез әрі тиімді шығуы Украинаның қазіргі Үкіметінің реформаларды дер кезінде және сапалы жүргізуіне байланысты екенін атап көрсетті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында мәжіліске қатысушылар бірнеше ұсынысты қамтыған қарар қабылдады, олар: қоғамдық сананы отарланудан шығару үдерісін күшейту мақсатында жұртшылыққа үндеу жасау, Украина жағдайы бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын басшылыққа ала отырып, қазақстандықтардың азаматтық біртектілігін қалыптастыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясынан және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінен жастар арасында түсінік жұмыстарын ұйымдастыруды сұрау, республикалық және өңірлік БАҚ-тар Украинадағы оқиғалар бойынша объективті ақпараттарды таратуына қатысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолдану; Украина Президенті Петр Порошенкодан екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атағын алған бір Қазақстан батырына Украина Батыры атағын беруін сұрау; Украинаның беделді техникалық жоғары оқу орындарының бірінің филиалын Қазақстан аумағында ашу жөнінде ҚР Үкіметіне ұсыныс білдіру.

Іс-шараның соңында топ болып фотоға түсу ұйымдастырылып, жоғарыда аталған тақырыптар мен қабылданған қарарды бейресми талқылау жалғасын тапты.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел./WhatsApp: +7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15