You are here

УКРАИН ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

21.10.2017, 18:00   639

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 21 қазанда   «Жастар» сарайында «Ми разом, ми одна сім᾿я!» («Біз біргеміз, біз бір отбасымыз!») атты Украин халық шығармашылығының III халықаралық фестивалі және Қазақстан халқы Ассамблеясы шеберлерінің декоративтік-қолданбалы өнерінің көрмесі өтті.    

Іс-шараны «Рада украинцев Казахстана» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі өткізді.  Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы  Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР  Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Рада украинцев Казахстана» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Ю.Тимощенко, ҚР  Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, азаматтық қоғам институттарының, жастар ұйымдарының  өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, БАҚ қатысты. 

Іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзінде іске асыруға, қазақстандық этностардың мәдениетін дәріптеуге, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, Қазақстан мен  Украина арасындағы екі жақты ынтымақтастық пен байланыстарды кеңейтуге бағытталған.  

***

Жыл сайын шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткізілетін украин халық шығармашылығының халықаралық фестивальдері Қазақстан халқының мәдени әралуандығын және Қазақстан халқының өзара мәдени баюын көрсетеді және көркемдік шеберліктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

Дата события Ассамблеи: 

Сенбі, 21 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15