Тәуелсіздік тойында марапатталғандар

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Астанада ҚХА мүшелерін, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін ҚР мемлекеттік наградаларымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» ҚР мерейтойлық медалімен, ҚХА «Бірлік» алтын медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды (1-Қосымша).

Сондай-ақ, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» ҚР мерейтойлық медалі, ҚХА «Бірлік» алтын медалі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары  табыс етілді (2-қосымша).

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.