You are here

Татар-башқұрт мектебінің 20 жылдығы

25.12.2017, 17:19   305

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 24 желтоқсанда елорданың №3 мектеп-гимназиясында Астана қаласы «Туған тел» татар-башқұрт жексенбілік мектебінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік концерт өтті.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына негізделген іс-шараға ҚХА мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы татар және башқұр конгресі, М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайының, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, елордалық этноәмдени бірлестіктердің өкілдері, мектептің тұңғыш және соңғы түлектерімен бірге олардың ата-аналары қатысты.

Құрметті қонақтар мектеп ұстаздары мен оқушыларын білім ошағының 20 жылдығымен құттықтады. Сөз орайында олар жас ұрпақтың өз Отанын сүйе білуі, үлкендерді құрметтеуі қажеттігін айтты.  Ежелден мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды келешек ұрпаққа сол қалпында жеткізе білу де парыз екенін мәлімдеді. Бұл ретте әрбір ата-ана өз балаларына үлгі болып, оларды өз тілін сақтай білуге, тарихи мәдени мұрасын құрметтей білуге үгіттей білуі тиіс.

Мерекелік бағдарлама шымылдығын татар-башқұр жексенбілік мектебінің балалар хоры ашып берді. Мұнан соң татар тілі пәнінің ұстазы  Зухра Саяпова татар тілінде монолог оқып берді. Дамир Утекеевтің орындауындағы «Әпипә» әні де ешкімді бей-жай қалдырмады. Көңіл жадыратар әннен кейін, қонақтарға бейнекөрініс арқылы жексенбілік мектептегі сабақтың қалай өтетіні ақпар берілді.

Жаңа жыл қарсаңына қарай осы кеште татарлардың «Кыш бабай» атты Аяз атасы сұрақтарға жауап берген қонақтарға сыйлықтар берді. Бұл сұрақтар қазақ, татар және орыс тілінде әзірленген болатын.

Мерекелік іс-шараның көркін ашқан халықтық-қолданбалы өнер шығармашылығына негізделген көрме де ешкімді бей-жай қалдырмады. Бұл ретте шебер қолдан шыққан татарлардың ұлттық бұйымдары - ерлер мен әйелдердің бас киімдері көрермендер назарын өзіне аударды. Тұрмыстық бұйымдар да сөреден орын алды. Сондай-ақ, мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған кәдесыйлар бар.

«Таң» татар-башқұр мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің «Дуслык» ансамблі мектептегі жас өнерпаздардың «Туган тел» деген әнін сәтті орындауға жәрдемдесті. Мерекелік іс-шара қонақтарын орындарынан тұрғызған осы әннің орыны тіпті бөлек болды.

Жарқын кештің қорытындысында «Туган тел» татар-башқұр жексенбілік мектебінің басшылығы мен ұстаздары №3 мектеп-гимназияның басшысы Е.В. Шеверняеваға алғыс сезімдерін білдірді. Мектеп-гимназия басшысы жексенбілік мектепті арнайы залмен және оқу кабинеттерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесіп келеді.

«Таң» мәдени орталығының төрағасы Р.Г. Валиев және меценат Р.С. Монашов мерекелік іс-шараны өткізуге, балаларға сыйлық беруге демеушілік жасады.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 25 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15