Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп депутаттық топтардың, этномәдени бірлестік өкілдерінің, аналар кеңесі мен қоғамдық келісім кеңесі, ұлтаралық театрлар мен мектеп ұжымдары өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті.

Төрағаның орынбасары А. Шпекбаев дөңгелек үстел отырысын аша отырып, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықтың әлеуетінің маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген шара аясында дөңгелек үстелге қатысушылар қызықты бастамалар және жаңа жобалар айтты.

Алматы облысы Аналар кеңесінің мүшесі Сәуле Сурабалдинова еліміздің барлық мектептеріндегі және мектепке дейінгі мекемелердің ата-аналар комитетімен Аналар кеңесінің кездесуін ұйымдастыру жөнінде бастамашылық көтерді.

Оның ойы бойынша, осындай шаралар отбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыруда маңызды қадам атқарады.

Шара барысында еліміздегі түрлі этностарының сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздігін сипаттайтын этномәдени ұйымдармен арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Агенттікпен ұсынылған мектеп ортасында тәрбие бағдарламасына ұлттық жаңғыру мектептері қолдау білдіріп, ол мемлекеттік, орыс, тәжік, өзбек және ұйғыр тілдерінде шығарылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ассамблея рөлі өте маңызды болатынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам арасында диалогтық алаңдарды бірлесіп ұйымдастыруды қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Бұдан басқа, дөңгелек үстел барысында этномәдениет бірлестіктер, этникалық театрлар, жаңғыру мектептері, аналар кеңестері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыру мен нығайту бойынша ұсынымдар қабылданды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.