You are here

Студенттерге арналған конференция өткізілді

16.11.2017, 12:01   330

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 14 қарашада Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамытудағы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы жастар әлеуеті» атты тақырыпқа арналған студенттік конференция болып өтті. 

Конференцияға Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және елорда жастар қанатының өкілдері, жоғарғы оқу орынының ұстаздары мен студенттер қатысты.

Өзіндік маңызы бар бұл конференция Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын, «100 нақты қадам» ұлт жоспары негізіндегі «бірегейлік пен  бірлік» төртінші институционалды реформасын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын одан әрі іске асыру мақсатына бағытталған.

Конференцияда еліміздегі рухани жаңғырудың негізгі талаптары атап өтілді. Бұл орайда, шығып сөйлеушілер Қазақстан Республикасындағы жастардың этносаралық және діниаралық қатынастарды нығайтудағы үлесін әңгіме өзегіне арқау етті. Сонымен бірге, олар Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңызы қазақстандық қоғамды одан әрі нығайтуға бағытталған саяси құжат екенін атап өтіп,  оны бірауыздан мақұлдады.

«Президент бағдарламалық мақаласында жастардың өзінің генетикалық кодын сақтай білуі қажеттігін атады. Осыған байланысты біз сіздерді тарихымыздың терең құнарлы нәрлері-ана тіліміз бен ұлттық мәдениетімізді қадірлей білуге шақырамыз»,-деді Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі, конференция модераторы Л.С. Құсайынова. Сондай-ақ ол сөз орайында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттарының қатарына жатқызылған елордамыздағы этномәдени орталықтардың жастар қанаты өкілдерімен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау басты назарда екенін мәлімдеді.

Шығып сөйлеушілердің арасында өзіндік ой-пікірлерін білдірген С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Елбасы мақаласындағы негізгі басымдықтардың ұлттық бірегейлікті нығайтуға арналғанын, сондай-ақ этносаралық қатынастар тұрақтылығын қалыптастырудағы Қазақстан халқы ассамблеясының рөлін атап өтті.

«Возрождение» неміс қоғамының «Диамант» жастар клубы әлеуметтік жастар театрының спектаклдері, неміс қоғамының жекелеген мүшелеріне жасалған қайырымдылық шаралары мен тіл мәселесіне қатысты өткізілген жаздық лагерь ісіне қатысты атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. А. Сушина клуб тұсаукесерінде студент жастарды қоғам өміріне белсенді түрде атсалысуға шақырды.

«Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін дамытудағы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы жастар әуелеті» атты студенттер конференциясының қорытындысына сәйкес қарар қабылданып, ол бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау міндеті барлығымыз жұмыла біріккенде ғана нәтижелі болатыны атап өтілді.

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 16 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15