Спорт-ұлт денсаулығы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

8 сәуірде «Динамо» спорт кешенінде «Спорт-ұлт денсаулығы» атауымен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кіші футболдан турнирі өтті.

Матч жастар арасындағы достық пен толеранттылықты нығайту, сондай-ақ саламатты өмір салтын көпшілікке етене таныстыру және оны насихаттау мақсатында өткізілді. Атап өту керек, бұл турнир қалалық деңгейде өткізіліп, жастардың спортқа деген ынтасын арттыру және оларды қоғам қызметіне тартуға бағытталды.

Іс-шарада 9 этномәдени бірлестік өз бақтарын сынап,  мүмкіндіктерін көрсетті. Олар:дұнған, татар-башқұрт, күрд, неміс, тәжік, өзбек, ұйғыр және беларусь командалары. Осылайша, футбол алаңына 20 мен 28 жас аралығындағ 90 ойыншы жиналды.

Ойын өзінің мәнділігімен қатысушыларды таңғалдырды және олардың барлығы командаларға қолдау білдірді. Ойыншыла  футбол ойнында лайықты икемдерін көрсете білді.

Ойын іріктеуінің қорытындысы бойынша, төрт команда ақтық мәреде сайысты жалғастырды. Олар-«Пойтахт» өзбек этномәдени орталығы командасы, «Радима» беларусь мәдени орталығының командасы, «Якубн» күрд командасы, сондай-ақ үшінші орынды иеленген «Астана-Саманион» тәжік этномәдени бірлестігінің командасы бар. . Екінші орынға лайықты деп «Радима» командасы танылды. Бірінші орын күмәнсіз ЭМО «Пойтахт» өзбек командасына берілді.

Ойын қорытындысы бойынша үздік ойыншы болып  «Пойтахт» командасынан  Абдурахман Юлдашев, уздік  қақпашы «Радима» командасынан Жаслан Сейфолла, уздік қорғаушы «Радима» командасының ойыншысы Денис Хохлов танылды. 

Барлық жеңімпаздарға кубок, медальдар мен дипломдар табысталды. Барлық команда жарысқа қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.