You are here

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны

28.08.2017, 13:00   185

Версия для печатиPDF versionEPUB version

ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны өтті.

Марафоншылар үш қашықтыққа 2017 метр, 10 км және 42 км 195 метрге жүгірді. Халықаралық жарысқа қатысуға астаналықтар мен қала меймандарын қосқанда 5100-ден астам адам келген. 42 шақырымды еңсерген қатысушы бас жүлде - 4,5 млн теңгеге ие болды.

Халықаралық марафонға қатысуға ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Даму банкінің төрағасы Болат Жәмішов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, әйгілі спортшылардан Жақсылық Үшкемпіров, Серік Сәпиев, Бахтияр Артаев, Қанат Ислам, Александр Винокуров т.с.с. келді.

Сайыстың 42 шақырымды құрайтын ең ұзақ қашықтығында ерлер арасында Өзбекстан елінен келген 31 жастағы Андрей Петров мәре сызығын бірінші кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 42 шақырымдық сайыста үздік тоғыздық марапатталды. Атап айтқанда, алматылық Ержан Жарасқанов (100 АҚШ доллары) мәре сызығын 9-шы болып кессе, 8-орында өскемендік Әмір Байтұқанов (300 АҚШ доллары) келді. Қырғызстаннан келген Жобардек Кошканбеков 7-орынды (600 АҚШ доллары) місе тұтты. Алтыншы және бесінші орынды қазақстандық қос марафоншы ШокрухДавлатов (1000 АҚШ доллары) пен Андрей Лейменов (2000 АҚШ доллары) иеленді. 4-орын Кениядан келген Тувей Титус (3000 АҚШ доллары) бұйырды.

42 шақырымдық марафонның ең ұзақ кезеңінен 2 сағат 18 минут 38 секундта өзбекстандық марафоншымен бірдей Белоруссия елінің жүйрігі Владислав Прямов та келді. Бірақ  қазылар алқасының шешімімен Прямовқа күміс жүлде (6000 АҚШ доллары) тапсырылды. Ал жеңімпаздардың айтуынша, олар бірін-бірін қалдырмай, бастан-аяқ бірге келген екен.

Екінші орын алған белоруссиялық Владслав Прямов Рио Олимпиадасына қатысқан екен. Ал осыған дейін де халықаралық дәрежеде атағы бар өзбекстандық  марафоншы Андрей ПетровАзия чемпионатының  2013 жылғы чемпионы (Гонк-Конг) атанса, оған дейін де 2012 жылғы Ыстық көл марафонында бірінші келген. Марафон чемпиондары жаттығу кезінде аптасына 210,  күніне 30 шақырым қашықтыққа жүгіретінін айтады.

Алтын медальге ие болған Андрей Петровқа дипломмен бірге 13 мың АҚШ доллары табысталды.

http://www.inform.kz/ru/astanadagy-marafon-zhenimpazyna-13-myn-dollar-tabystaldy_a3058892

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 28 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15