Сарапшы медиаторлардың кездесуі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 25 мамырда  Ұлттық академиялық кітапханада Еуропа кеңесінің сарапшы медиаторларының Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы Б.Ж.Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның, Судьялар одағының, Білім және ғылым министрлігінің, Республикалық адвокаттар палатасының, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының өкілдері, ЖОО ғалымдары, медиаторлар ұйымдары қатысты.

Еуропалық одақтың және Еуропа кеңесінің «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету» бірлескен жобасы шеңберінде медиативтік технологиялардың халықаралық практикасын қолдана отырып және ел медиаторларының қажеттіліктерін ескеріп, медиация бойынша кадрларды дайындаудағы, бірлескен бағдарламаларды және медиация бойынша оқыту курстарының әдіснамаларын әзірлеудегі бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.