Салтанатты мараптаттау рәсімі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 6 мамыр күні Астана қаласының әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді еңбек етіп жүрген мүшелерін салтанатты түрде марапаттады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен:

«Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы ҚБ төрағасы Валиев Рафик;

«Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігінің төрағасы Агаев Видади;

«Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шарипов Хасан марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен:

«ҚР «Барбанг» күрдтер ассоциациясы» РҚБ филиалының төрағасы Шамо Фатоев;

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының прфессоры, саяси ғылымдардың докторы, Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Нұртазина Роза марапатталды.

Ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты:

«Лад» Республикалық славян қозғалысы  филиалының төрағасы Николай Шепелюкке;

«Вайнах» шешен-ингуш ансамблінің көркемдік жетекшісі Мациева Ханифаға;

Шейх Кунт атындағы мешіттің имамы Исмаилов Яхия қажыға табыс етілді.

   

 

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.