РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз хатшыларына арналған республикалық семинардың екінші күні «Казахстанская правда» республикалық газетінің шеф-редакторы Сәбит Молдыбаевтың шеберлік сабағымен басталды.   

Шеберлік  сабағы барысында Сәбит Молдыбаев пен  семинарға қатысушылар   «Казахстанская правда» газетінің мысалында өңірлік баспасөз қызметтерінің Қазақстанның орталық БАҚ-тарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.   Өңірлік  баспасөз қызметтерінің орталық басылымдармен ынтымақтастық жасауының насқты мысалдары келтіріліп, этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсетудегі белсенді және белсенді емес өңірлер аталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы,  профессор Нұрсұлу Шәймерденова мен ҚХА  мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы, блогер Әскер Пириевтің әңгіме-дәрістері үлкен қызығушылық тудырды. 

Нұрсұлу Шәймерденова өз дәрісінде қатысушылардың назарын этносаралық қатынастарды жазып-көрсетудегі публицистикалық стиль мен дискурстың ерекшеліктеріне және БАҚ-тағы тіл мәселелеріне  аударды. Әскер Пириев әлеуметтік желілерде ҚХА жобаларын ақпараттық сүйемелдеудегі өз тәжірибесімен бөлісті. 

Келесі шеберлік сабақты Қазақстан журналистер одағының мүшесі, белгілі  блогер Сырым Әбдірахманов өткізді. Ол интерактивтік әңгімелесу барысында қатысушыларға этноконфессиялық қатынастарды әлеуметтік желілерде жазып-көрсетудің ерекшеліктері туралы айтып берді. 

Күннің екінші жартысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім»   РММ қызметкерлері Қымбат Досжан мен Камал Әлпейісова ҚХА алдағы жұмыс жоспарымен таныстыра отырып, Ассамблея аясында жүзеге асырылатын ауқымды жобаларды  іске асыру аясындағы іс-шараларды, Мемлекет басшысы Алматы қаласының 1000 жылдығын атап өту барысында жария еткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар циклын жазып-көрсетудегі баспасөз хатшыларының рөліне тоқталды.

Журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын өткізу бойынша,  ҚХА интернет-порталын контенттік толтыру, сүйемелдеу ерекшеліктері түсіндірілді.

Іс-шара соңында екі күндік ресубликалық семинардың қорытындысы шығарылып, қатысушылар пікір алысу  форматында қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы журналистиканың негізгі міндеттерін талқылау, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу, өзекті мәселелер бойынша ой бөлісу және осындай пайдалы іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіру мүмкіндігіне  ие болды.

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.