You are here

Республикалық «Сабантуй – 2016» мерекесі өткізілді

08.06.2016, 12:13   1892

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 5 маусымда «Жастар» Сарайының жазғы алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңбері барысында дәстүрлі халықтық «Сабантуй» мерекесі өткізілді.

Астана қаласы әкімдігі мен Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігі және Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілдігі, «Кама-Қазақстан» сауда үйі» ЖШС, «КАМАЗ» Сауда компаниясы» ЖШС қолдауымен әрі «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткізілген  бұл салтанатты іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының Өкілетті өкілі Рустем Валлиулов, Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі, Ресей ынтымақтастық өкілдігінің басшысы Виктор Нефедов, Қазақстан Республикасындағы татар және татар-башқұрт«Идел»   мәдени және қоғамдық орталығы ассоциациясының президенті  Габдулхай Ишмуратов, аймақтық татар-башқұрт қоғамдық және этномәдени орталықтарының басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан және Татарстан Республикасындағы спорт және мәдениет қайраткерлері, елордалық, аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары мен оның қонақтары қатысты. 

Жарасымды жиында Астана қаласындағы «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы ҚБ төрағасы Рафик Валиев құттықтау лебізін білдірді: «Көптеген түркі халқының игі шарасына айналған дәстүрлі халықтық «Сабантуй» мерекесінің күнтізбелік тарихы тереңде жатыр. Оның маңызы бүгінде табиғатпен астасып, көктемді шығарып салу рәсімімен ұласуда. Еңбек көрігі қызған бұл шақта барлық халық бірігіп, ортақ масқатқа жұмыс жасайды. Осылайша, діни ұстанымы айқын біздің этностар өз мәдениетінің байлығын және туған тілін сақтап қалуға үлес қосуда. Олардың кішіпейілдігі мен қонақжайлылығы барлығының бірігуіне тікелей себепші болып отыр. Сондықтан бұл мереке барлық адамға қымбат әрі олардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға берік діңгек болуда. Кімде кім жасампаз еңбегімен өз еліне үлес қосса және өз отбасына қамқорлық жасаса, сол адам өз жерлестері, жақындары мен достарын да бағалай біледі. Ал біз  бүгінгі мереке барысында асқақалдардың даналығына құрметтпен қарап, оны жастардың бойына сіңіруге айрықша маңыз бердік»,-деді ол.

Маңызды жиынның негізгі бөлімінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев этномәдени бірлестіктер өкілдерін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен  және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан «Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік идеяларға адал қызмет ақтарғаны және қоғамның рухани дамуына айтарлықтай үлес қосқаны үшін» Алғыс хатымен  марапаттады.

Күн шуағы молынан төгілген бұл мерекеде қатысушы қонақтар әртүрлі байқаулар мен ойындардың куәгері болды. Бұл жерде татар мен башқұрттың ұлттық киімін кигендер өз өнерлерімен жарасымды кештің сәнін келтіре түсті. Ал ұлттық күрес-«Көрәш» көпшіліктің көңілінен шықты.

Бояуы қанық концерттік бағдарламада аймақтық татар-башқұрт этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Қазан қаласынан шақырылған вокальды және би ансамблі «Ямьле» өнер көрсетті.

   

   

 

____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56 +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15