You are here

Ресей халықтарының Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясын 22 жылдығымен құттықтады

02.03.2017, 11:32   416

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құттықтау мәтінінде Елбасы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін  ҚХА қызметі этносаралық мәселелерді тиімді шешетін мемлекет ретіндегі Қазақстанның халықаралық беделінің өсуіне үлкен септігін тигізетіні атап көрсетілген. Қазақстан жүзеге асырып отырған этносаралық саясаттың тәжирибесі әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары баға алып отыр.  

Сонымен қатар құттықтау хатта Ресей халықтары Ассамблеясы көп этносты екі мемлекетте және Еуразия құрлығында тіршілік етіп жатқан этностар арасында ізгі қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты барлық бағыттарда ынтымақтастықта боламыз деген үміт білдірілген. Құттықтаушы тарап Қазақстан халқы Ассамблеясының халық игілігі үшін атқарып жатқан қызметіне жетістіктер тіледі. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15