You are here

Поляк жексенбілік мектебінде соңғы қоңырау соғылды

31.05.2016, 15:01   1725

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 Өткен демалыста елордамыздағы жексенбілік мектептерде тағы бір мәрте соңғы қоңырау соғылды. Бұл жолғы салтанатты жиын «Polacy» қоғамдық бірлестігінің жексенбілік мектебіндегі оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілді.

Оқу жылын бітіргендер мен оның түлектерін Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Консулы   Малгожата Таньска құттықтады.

Құттықтау сөзі кезінде Малгожата Таньска мырза түлектерге Польшаның жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға тілектестігін білдіріп, онда мамандық таңдаудың мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған «Polacy» ҚБ төрайымы Елена Роговская өмірлік тәжірибе жинақтаған түлектердің өз Отаны – Қазақстанға қайтып оралатынына  және олардың өз Отанының нағыз патриоты ретінде жарқын істерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді.    

Іс-шара барысында мектеп оқушыларының меңгерген оқу бағдарламасының қорытындысы жарияланды. Оған сәйкес, баға қойылып, әндер шырқалды және поляк тілін меңгерулеріне байланысты өлеңдер оқылды. Ал «Куявячек» фольклорлық ансамблінің солистері поляктың халық биі «краковякті» орындады.

Поляк жексенбілік мектебінің директоры Марина Малиновскаяның айтуынша, «Polacy» ҚБ базасында құрылған оқу орнына биыл 10 жыл толады екен. Қазір бұл мектепте түрлі ұлттың балалары білім алуда. Оқу орнын үздік бітірген түлектер Астана қаласында алдын ала қабылдау емтихандарын тапсырғаннан кейін, Польшаның жоғары оқу орындарының біріне түсуге мүмкіндік алады.

   

   

______________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15