You are here

Польшаның Тәуелсіздік күні тойланды

14.11.2016, 22:19   546

Версия для печатиPDF versionEPUB version

13 қараша күні елордалық №5 гимназияда «Polacy» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Роговскаяның бастамасымен ұйымдастырылған Польшаның Тәуелсіздік күніне арналған  мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге «Polacy» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері, поляк жексенбілік мектебінің оқушылары, сонымен қатар ата-аналар қатысты.   Аталған іс-шараның Астанадағы салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының әнұранының орындалуымен басталды.

Іс-шара барысында поляк тілінің оқытушысы Пани Мария Замлевска Польша Тәуелсіздігінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғалар жөнінде айтып берді.

Мерекеге орай ұйымдастырылған  концерттік бағдарламада жексенбілік мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе Наталья және Александр Лысаковскилердің, Эвелина Горелова мен Влада Кухарскаяның орындауындағы патриоттық өлең шумақтары келген қонақтардың көңілінен шықты. Ал «Квяты» вокалдық тобының ұлттық әндерін орындаған әншілері жиналғандарға Польша тәуелсіздігінің тарихы туралы айтып берді.

Польшаның Тәуелсіздігі туралы ғана емес, оның көрікті қалалары, табиғаты мен салт-дәстүрлері туралы сөз қозғалған бұл концерт тек поляк тілінде өтті.

Кеш соңында мәресінде «Шетелдердегі поляктардың әнұраны» шырқалып, қонақтар поляк халқының ұлттық және тәтті тағамдарынан дәм татты.

1918 жылы Германия, Ресей және Австрияның үстемдігінен азат болып, тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап Польшаның Тәуелсіздік күнін тойлауда. 11 қараша күні тойланатын бұл мерекеде мемлекеттік ту көк аспанға асқақтатылып, президент, ресми тұлғалар мен белгілі саяси қайраткерлер ел алдына шығып сөз сөйлейді. Сондай-ақ,  Варшаваның орталығында әскери шеру ұйымдастырылады. Осы күні елдің барлық қалаларында салтанатты іс-шаралар, концерттер және халықтық тойлаулар өтеді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15