Өзбек этномәдени бірлестігіндегі кездесу

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 4 наурызда «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында жастар мен Астана қаласының өзбек этномәдени бірлестігінің белсенділері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Абдинабиевич Картаевпен кездесті.

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен іс-шараны ұйымдастыруға «Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі атсалысты. Екі ұйымның бірлескен жоспары қызметі шеңбері барысындағы кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіруді қорытындылау болды.

Сұқбаттасу алаңында орталық белсенділері мен студенттер қызықты сұрақтар бойынша пікір алмасты. Іс-шара барысында Фахриддин Абдинабиевич Жолдаудағы негізгі тапсырмаларға өзіндік пікірін білдіріп, жастардың және келер жас ұрпақтардың елімізді өркендетудегі үлесіне басымдық берді: «Қазақстанның болашағы жастар қолында. Нақты айтқанда, Қазақстанның болашағы елдің патриот жастарының қолында деп білемін. Ауызбіршілік және біздің еліміздегі жастардың патриотизмі Қазақстанның тұрақты түрде қарқынды дамуына тікелей әсер етеді»,- деп атап өтті депутат.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Астана қаласы өзбек мәдени орталығы базасында «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымын құруға ұсыныс жасалды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.