You are here

ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

27.10.2016, 21:03   678

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 27 қазанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі: Орталық Азиядағы өңірлік бірегейлік пен қауіпсіздік» атты Орталық Азиялық халықаралық ғылыми-сарапшылық кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питаленкo, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан,  Пәкістан, Оңтүстік Корея және т.б.) сарапшылары, ҚХА ҒСК мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

«ҚХА барлық Орталық-Азия республикалары ғалымдарының қатысуын қамтитын Орталық-Азиялық ғылыми кеңес өткізуде. Бұл іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне арналған. Іс-шараның маңызды мәселесі – өңірлік сәйкестікті қалыптастыру және мемлекеттердің ОА елдеріндегі ішкі саяси, әлеуметтік және мәдени жағдайға ықпал ететін экстремизм, терроризм, жаһандандыру сияқты халықаралық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға бірлесіп күш салуы», - деп атап өтті ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко.

Отырыс барысында панельдік пікіралмасулар мына тақырыптар бойынша өтті:

- «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті нығайту жолындағы бастамалары»;

- ҚХА-ның «Жібек жолындағы сұхбат» жобасы: Орталық Азия кеңістігінде бірегейлікті нығайтудағы интеллектуалдық құбылыс»;

- «Өңірлік қауіпсіздік мәселелері: Орталық Азия үшін заманауи күн тәртібі».

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15