You are here

Өңірлік этномәдени бірлестіктер Астанада өнер көрсетті

03.07.2017, 15:04   524

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 29 маусымы күні Елордасы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» шеңберіндегі Ақтөбе облысының күндері аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара ең алдымен этстар арасындағы келісім мен достық қарым-қатынасты сақтауға, ұлттық төл мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті нығайту,  қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталды.

Астана қаласының орталық саябақтарының бірінде облыстық славян, татар мен башқұрт, кәріс, сыған, неміс және украин этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары және «Достық сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» би ансамблінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды.

Іс-шара барысында Астана халқын  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстыратын көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан халқының көпқырлы мәдениеті көрініс тауып,  қолданбалы қазақ өнерінің бұйымдары сатылымы өтті, қонақтарға  ұлттық тағамдар бауырсақ пен шұбат таратылды.

Мерекеде сан-қырлы тілдегі әндер шырқалып, кәрістің желпуіш, украиндықтардың қасықпен және басқа да дәстүрлі билер қойылды. Астаналықтар татар баянының, сыған гитарасының әуеніне қосылып ән салып, биледі. «Жаса Қазақстан» әнімен концерт өз мәресіне жетті.

Мерекеде жарқын көрініс 90-нан астам ұлт өкілі тұратын Ақтөбе өңірі Астана халқын көпұлттылығы, бірлігі пен татулығымен тамсандырғаны сөзсіз. Отанымыз ортақ – ол Қазақстан!

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

 баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15