Омбыда Қазақ мәдени орталығы ашылады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасының Ресейдің Омск қаласындағы консулы Қонысбек Жүсіпбеков өңір басшысы Александр Бурковпен кездесті.

Атап өтілгендей, тараптар Қазақстан мен Омкс облысының өңірлері арасында мәдени және экономикалық байланыстарды дамыту және ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

ҚР консулы Александр Бурковты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, қазақстандық және ресейлік өңірлердің шекаралық байланысы одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

«Омбы облысының аумағында 85 мың қазақ тұрады. Біз олармен ұдайы байланыстамыз. Консулдықта азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдай жасалған. Білім беру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда қолғабыс етеміз», - деді  Қонысбек Жүсіпбеков.

Дипломат сондай-ақ қазақ диаспорасы атынан Омбыда Қазақ мәдени орталығын ашу ұсынысын жасады. Қ.Жүсіпбековтың айтуынша, ол жерде Қазақстанның шығармашылық ұжымдары концерттер қойып, көрмелер мен кітапханалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік болар еді.

Өз кезегінде Александр Бурков ұсынысқа қолдау білдіріп, Омбы мэріне орталық үшін ғимаратты таңдау тапсырмасы берілетінін жеткізді.

Кездесу барысында сонымен қатар Омбы облысы мен Қазақстан Республикасы арасында бизнес-байланыстарды кеңейтуге қызығушылық білдірілді. Бұдан бөлек, Омбыда Қазақстан өңірлерінің кәсіпорындары мен бизнес-қауымдастықтары үшін форум өткізу мүмкіндігі талқыланды.

inform.kz

 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 14 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.