«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҮЛГІСІ: БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумы өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы – Г.Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Ресей, Еуропалық Одақ, Латын Америкасы, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Орталық Азия және т.б. елдердің ғалымдары мен сарапшылары, БАҚ  қатысты.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Г.Әбдіқалықова қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды тұлғалық ерекшелігіне тоқталып өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан этносаралық келісім мен халық бірлігі саласында жаһандық көшбасшылардың біріне айналғанын айтты.

Форум барысында полиэтникалық жағдайдағы этносаралық диалог моделі қалыптасуының отандық және әлемдік тәжірибесі қаралды. 10-нан астам елдердің заманауи ұлттық үлгілері, көпэтносты қоғамдағы азаматтық бірегейлікті нығайтудағы факторлар, тіл саясатының баршаны біріктірудегі рөлі талқыланды.  

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан Президентіне жолданатын оның бейбітшілік пен келісім саясатын, сондай-ақ әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларын қолдау туралы үндеу мәтіні бекітілді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.