«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілетуге бағытталған дәріс

Версия для печатиPDF versionEPUB version

15 қараша 2016 ж. Астана қаласындағы «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстандық бірегейлік пен этносаралық келісім және қоғамдағы тіл мәдениетінің деңгейін арттыру» мемлекеттік грант аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілетуге бағытталған  дәріс өтті.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаткер – Саясат Нұрбек, ғылыми және шығармашылық зиялылар мен этномәдени бірлестіктердің, сонымен қатар еріктілер мен жастар бірлестіктері өкілдері қатысты.

Дәрістің мақсаты: қоғамдық келісімнің моделі мен жалпыұлттық бірлігінің бірегей тәжірибесін насихаттау.

Іс-шара барысында Қазақстандық патриоттық сезім арқылы этносаралық қатынастар мен Қазақстан халқының бірлігін одан әрі нығайтып, тәжірибе алмасуға бағытталған өзекті міндеттер талқыланды.

***

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілетуге бағытталған  дәріс «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰБА-сының мемлекеттік гранты аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Қоғамдық Қоры тарапынан «Қазақстандық бірегейлік пен этносаралық келісім және қоғамдағы тіл мәдениетінің деңгейін арттыру» атты тақырыбында өтеді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.