You are here

«Мәңгілік ел-Қазақстанның жалпыұлттық идеясы» осы тақырыпта Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің мәжілісі өткізілді

13.10.2015, 18:30   2235

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осы жылдың 13 қазанында Астана қаласындағы «Ұлттық медициналық холдингінде» Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен қоғамдық келісім кеңесінің кезекті мәжілісі өткізілді. Жиынға қатысушылар күн тәртібінде қаралған «Мәңгілік ел-Қазақстанның жалпыұлттық идеясы» тақырыбына өз пікірлерін білдірді.

Маңызды іс-шараға «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның қоғамдық келісім кеңесі мүшелері, құрылымдық бөлімше басшылары, басқарма мүшелері, осы акционерлік мекемеге қарасты еншілес ұйымдардың кәсіподақ комитетінің төрағалары, кадрлар қызметінің басшылары мен қызметкерлері, Астана қаласы ҚХА хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Мәжілісті ашқан Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л.С. Кусаинова Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі рөлін жан-жақты мәлімдеп, алдағы жоспарларды тілге тиек етті. Баяндамашы сөз орайында, Ассамблеяның этникааралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғамның беріктігін қалыптастыруға, сондай-ақ саяси және үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де бірлестіктердің ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында бірлесіп жұмыс жасауына тікелей ықпал жасап отырғанын атап өтті.

 

Өз кезегінде сөз алған «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Отарбаевтың пікірі ешкімді де бей-жай қалдырмады. «Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» жалпыұттық идеясы біздің қазіргіміз бен келешегімізді айқындаған жарқын құжат болып саналады. Нақтырақ айтсам, бұл республикамыздың құндылығын бағалаған, өмір сүру дәрежемізді айқындаған маңызды құжат. Қазіргі кезде біздің клиникамызда қазақтар, орыстар, немістер, татарлар және басқа да этностың өкілдері иық теңестіре  еңбек етіп, үлкен табыстырға қол жеткізуде. Мұндай жетістік, сөз жоқ, еліміздегі бейбітшіліктің арқасында мүмкін болып отыр»,-деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихын қысқаша мәлімдеген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты З.А. Саяпова оның қоғамдағы орнын жоғары бағалап, көпұлтты мемлекеттің қоғамдық келісімін үйлестірушісі ретінде қарастырды.

 

Шығып сөйлеушілердің арасында өз пікірін айтқан Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Қ. Казкенов Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын халқымыз тағдыры үшін айрықша орын алатынын және ол барлық жағынан алғанда, әлеуметтік-экономикалық, рухани дамудың кепілі болатынын жеткізді. Оның айтуынша бұл құжат біздің елімізді жаңа қырынан дамытуға арналған. Әрі ол «Қазақстан жолы -2050» негізін қалайтын басты іргетас болып есептеледі. Бұл маңызды құжаттың басты мақсаты-қоғамдық құндылықты бағалап, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту және еліміздің бейбіт жағдайда дамуына өзіндік үлес қосу.

Жиын соңында кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясының әуелетін арттыруға шешім қабылдады. Бұл орайда, қоғамдық келісім мен холдинг ұжымы толеранттылықты насихаттауға, Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың салт-дәстерлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға және оны дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделестік танытты.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15