Мереке толқынында

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астананың туған күнін көкшетаулықтар мен қала қонақтары да тойлап өтті. Таң атқаннан бастап барлық жерде мерекелік көңіл-күй сезілді.

«Астана – менің арманым өмір сүретін қала»… Бұл ән «Достық үйінде» орындалып, барлық көкшетаулықтарды мерекеге шақырды. Ғимараттың ішінде орналасқан арт-бульвардың ұйымдастырушылары көптеген қызықты іс-шаралар дайындады. Астана туралы барлығын кітаптар мен суреттерден ақ білуге болады. Балалар көркемдік мектебінің тәрбиеленушілері өздерінің 30-дан астам суреттерін көрмеге ұсынды.

- Көрме айрықша болып өтті. Кішкентай суретшілер біздің сүйікті астанамызды түрлі түстермен суреттеген. Балалардың біздің Астананы жас, заманауи, жасыл, жарқын кейіпте көретіні қуантады. Сонымен қатар, бұл жерде бізде ұлттық киімдердің көрмесі де қарастырылған, - деп әдістеме бөлімінің басшысы Татьяна Пяткова айтып өтті.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында 17 ұлтты құрайтын 52 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Мереке қонақтарының назарын дәл осы ұлттық киімдер жаулап алды.

«Достық үйінің» өзі болса бұл күні құмырсқаның илеуіндей болды. Мысалға, бір залда викторина ойындары өткізілді. Барлығы 52 сұрақ, әрбір дұрыс жауап үшін Бәйтеректің суреті салынған карточка беріледі,  одан кейін, олардың саны бойынша жеңімпаз естелік сыйлықтарын ұтып алады.

Басқа сөзбен айтқанда, бұл күні осы жерде «ЭКСПО-2017» арналған әлеуметтік жарнама мен «GREEN WORD» және «ИНИЦИАТИВА» әлеуметтік жобаларының ЭКО-постерлерінің облыстық байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді. Жастарды «KAZAKHSTAN INNOVATIONS» қорының өкілдері құттықтап, оларға алғыс хаттар мен «EXPO-2017» көрмесінің билеттерін табыстады.

«Достық үйіндегі» әсерлі іс-шараның соңында «Үлкен әлемдегі қазіргі заманғы балалар» атаулы балалар флеш-мобы өткізілді.

 

Мәдина СМАҒҰЛОВА.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.