Әлем балалар тілінде сөйлейді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылы 4 қарашада Астана қаласының Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Әлем балалар тілінде сөйлейді» атты Балалар мен жасөспірімдердің II шығармашылық әдеби-сазды фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында өткізілген шараға «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық филиалы бастамашы болса, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсетті.

Шығармашылық фестивальдің ашылу салтанатында ҚР-дағы Ресей ынтымақтастық өкілдігінің басшысы В.Л. Нефёдов және Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Г.В. Кобзева іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды құттықтап сөз сөйледі. Олар барлық қатысушыларға байқаудан сәтті өтулеріне тілектестік білдірді. Галина Владимировна құттықтау сөзінде: «Биылғы байқаудың өрісі кеңейіп, оған біздің Республикамыздың өзге де өңірлерінен қатысушылар келіп отыр. Бұл өзі қуантарлық жағдай», - деп атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуларына қарағанда, фестивальдің басты мақсаты – дарынды жасөспірімдерді іздеп-табуға жәрдемдесу әрі олардың шығармашылық дамуына септігін тигізу, балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке, азаматтық-патриоттыққа және әсемдікке тәрбиелеу, түрлі ұлттардың мәдени салт-дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау.

Фестивальге әр түрлі жас санаты мен номинациялар бойынша балалар және жастар шығармашылық ұжымдары, өзіндік, соның ішінде ұлттық мәдениетін таныстырушы жеке орындаушылар, сәндік-қолданбалы шығармашылық студиялар, халықаралық достық клубтары, кәсіби-бастауыш білім беру, жалпы білім беру мекемелерінен, сондай-ақ мәдениет, қосымша білім беру мекемелерінен 5-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Жас дарындардың өнерін мәдениет қайраткерлері, театртанушылар, хореографтар мен өнертанушылардан құралған қазылар алқасы бағалады. Байқау «вокал, хормен өлең айту», «хореография», «аспаптық жанр», «мәнерлеп оқу», «бейнелеу өнері» номинациялары бойынша өткізілді.

Балалар мейрамы көпұлттылық реңкімен ерекшеленді. Осылайша, «Лад» республикалық славян қозғалысының Астана қаласындағы филиалы, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы», «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы», «Возрождение» неміс қоғамы», «Ватра» украин мәдениет орталығы» сынды астаналық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының өкілдері өз өнері мен шеберліктерін ортаға салды.

Фестивальге қатысушылардың барлығы Қазақстандағы Ресей Федерациясының ынтымақтастық өкілдігі ұсынған арнайы дипломдармен, кітаптармен марапатталды.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.