You are here

«Құрбан айт» мерекесіне арналған қайырымдылық іс-шарасы

14.09.2016, 17:34   832

Версия для печатиPDF versionEPUB version

13 қыркүйек күні «Қайырымдылық керуені» жобасын іске асыру аясында  Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы «Құрбан айт» мұсылмандар мерекесіне орай қарттар мен жағдайы нашар отбасыларына арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Аталмыш мейрамның дәстүрі бойынша 20 шақты отбасына құрбанға шалынған малдың еті таратылды.

Одан басқа «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының өкілдері үйлердің ауласы мен ішін жинастыру, азық-түлік сатып алып беру мақсатында  ардагерлер мен қарттардың өмір сүріп жатқан жағдайларымен танысты.

Бұл ретте, «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының ақсақалдар кеңесі жыл сайын әлеуметтік көмекке мұқтаж, жағдайы нашар отбасыларының тізімін құрастыратынын айта кеткен абзал. Аталмыш тізімге, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жағдайы нашар отбасыларды, жүріп-тұру мүмкіншіліктері шектеулі адамдарды жатқызуға болады.

Қайырымдылық акциясының барысында «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының атқарушы директоры Низамутдинова Земфира Махмедовна «Құрбан айт»  мерекесінің ұлылығын атап өтіп, осы күндері көмек қажетсінгендерге қолғабыс көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара соңында көмек алған отбасылардың баршасы аталмыш акцияның ұйымдастырушыларына өздерінің ризашылығын білдірді.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15