Круглый стол Научно-экспертного совета Ассамблеи народа Казахстана

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 24 ақпанда  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  «Конституциялық реформа және Жаңғырту 3.0: жаңа даму бағдарлары» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, елдің ЖОО-ның ҚХА кафедралары мен орталық меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында ҚХА ҒСК сарапшылары жаңғыртудың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қарастырады, конституциялық реформа мен жаңа кезеңде мемлекеттік даму мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар бүгін ҚХА ҒСК қатысуымен ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру бойынша жалпыреспубликалық лекторий өтті. Бұл іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.