You are here

Көптілділік арқылы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге

08.06.2016, 12:06   1606

Версия для печатиPDF versionEPUB version

3 маусым күні елордалық № 10 орта мектепте Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Көптілділік арқылы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы және «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік бағдарламаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» шеңберінде ұйымдастырылған болатын.

Іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, елордалық жексенбілік мектептердің директорлары мен ұстаздары, қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар әлемдегі этностық мәдениеттердің көп түрлілігі және Қазақстан халқының негізгі құндылықтары жайында сөз қозғап, жексенбілік мектептердің оқу бағдарламаларын талқылады. Сонымен қатар, жексенбілік мектеп директорлары өзара сұхбат барысында оқу үрдісін ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісіп, балалар мен жастарды өз халқының салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеудің ерекшеліктеріне тоқталды.

Семинар аясында жексенбілік мектеп директорлары мен ұстаздары оқу үрдісін ұйымдастыру барысында ерекше назарда ұстауы үшін «ұсынымдар жиынтығы» жасалды. Олардың ішіндегі маңыздыларын атап өтсек: мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру және инновациялық мәдениетін қалыптастыру бойынша бағдарламаларды жетілдіру, ақпараттық-талдау жұмыстарының тетіктерін қайта қарау, ұстаздардың бастамасы бойынша жексенбілік мектептер арасында ортақ ақпараттық кеңістік құру, жексенбілік мектеп жұмыстарына инновациялық технологияларды енгізу, бірлескен «достық сабақтарын» өткізу, мұғалімдер өзара жұмыс тәжірибесімен бөлісуі үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастыру.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі:

тел. 24-98-57/ +7707-310-53-54

WhatsApp - 7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15