You are here

«Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» дөңгелек үстелі

22.11.2016, 12:24   871

Версия для печатиPDF versionEPUB version

21 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының «25 жұлдызды күн: «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» жалпыреспубликалық акциясының шеңберінде  «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел  отырысы өтті.  Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған бұл акцияның басты мақсаты -  Қазақстан Республикасының Негізгі заңын талқылау арқылы қазақстандық бірегейлікті насихаттау болды.  Іс-шараға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

ҚР Конституциясының басты принциптеріне қатысты баяндамалармен шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Героев Салман, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы, заңгер Ахмедова Фатима, кәсіби емес медиатор Загидулина Нурия және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Төкебаев Қайрат сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелді Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Әбілдинов Бақытжан ресми түрде ашып, «Біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ерекше мереке болып есептеледі, себебі, ол әрбір Қазақстан азаматының өмірінен өз орнын алады. Күрделі кезеңдерде ел ішінде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап қалу - біздің басты жетістігіміздің бірі болды. Елбасымыздың сөзімен айтқанда, біз бейбітшілік пен келісімге негізделген тәуелсіз мемлекет құра білдік. Біз біртұтас ұлт ретінде қалыптастық. Еліміздің Негізгі заңы әлі де егемен Қазақстанның гүлденуіне себеп бола береді. Біздің Конституциямыз ортақ тарихи тағдырмен байланысқан  Қазақстан халқының бірлігін нығайтты». 

Жас ұрпақтың санасында адалдық пен патриоттық сезімді тәрбиелеу маңыздылығы туралы айтқан С. Геров өз сөзінде «Мемлекетімізді өркендете отырып, біз жас ұрпақты бейбітшілік, достық және келісімге тәрбиелеуді басты мақсат ретінде алға қоюымыз керек»,- деп атап өтті.

Конституцияны Тәуелсіздіктің басты тұғыры ретінде атаған Ф. Ахмедова сөз орайында: «Еліміздің Негізгі заңы жас мемлекетіміздің тұрақты дамып, гүлденуіне негіз болды. Жаңа Конституция Тәуелсіздікті нығайтуда үлкен рөл атқарды. Демократиялық қоғамның жоғары идеяларға ұмтылуы, байырғы қазақ жеріне орныққан түрлі халықтар арасындағы достық пен өзара сыйластығы  Ата заңымыздан шынайы көрінісін тапты» - деді.

Іс-шара соңында Қ.Төкебаев  Конституцияның басты тараулары мен баптарына шағын «саяхат» жасап, Ата заңымыздың жалпы қоғамдық қатынастарды реттеп, нығайтудағы негізгі рөліне аса назар аударды.

Сонымен қатар, аталған акцияның 21 қараша күні бір мезгілде Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық Достық үйлерінде өткізілгенін айта кетуіміз керек. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15