Қоғамдық сананы жаңғырту: білім беру, гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени негіздері мен жүзеге асыру тетіктері

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясында  Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қоғамдық сананы жаңғырту: білім беру, гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени негіздері мен жүзеге асыру тетіктері» тақырыбына  үш күндік республикалық  семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім» КММ, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV Сессиясы жұмысы қорытындысы бойынша белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру шеңберінде ұйымдастырып отыр.          

Лекторлар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері шақырылды.

Тыңдаушылар ретінде  этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің мамандары мен депутаттардың көмекшілері қатысып жатыр.           

Республикалық семинар-тренинг жұмысы барысында мынадай мәселелер  ашылып көрсетіледі: «Ұлттық код және қоғамдық сана», «Қоғамдық сананы жаңғырту: конструктивті  идеялар мен оларды шынайы өмірде жүзеге асыру жолдары», «Қоғамдық сананы трансформациялау доминантасы», «Латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпби: мәселелер мен болашағы», «Туған жер» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытының жүзеге асырылуы», «Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие мен білім» бағытының жүзеге асырылуы, «Рухани жаңғыру: тарихи тәжірибе мен дәстүрлер», «Тарихи-мәдени мұралар бірегейлікті қалыптастыру негізі ретінде», «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жобалық менеджмент».

Семинар барысында  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық келісім мәселелері бойынша  пікір және жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін «Қоғамдық сананы жаңғырту және қазіргі заман» тақырыбында пікірталас алаңы құрылады.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 24 Тамыз, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.