You are here

ҚХА жылының туы музейге тапсырылды

13.02.2016, 13:42   1353

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 12 ақпанда Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға қалалық ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен елордалық этномәдени бірлестіктер өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова құттықтау сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы «Астана – бейбітшілік пен келісім ордасы» деген ұранмен өтті. Елорданың этномәдени бірлестіктері қала және республика көлеміндегі 280-нен астам іс-шараға белсене атсалысты. «ҚХА 20 жыл – 20 ізгі іс» жалпыхалықтық акциясы аясында этномәдени бірлестіктердің күшімен 37 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Акция қорытындысы бойынша шамамен 18 миллион теңге қаражат жиналып, 7114 мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Ендеше, біздің ортақ күш-жігеріміз елімізді бұдан да мықты, бұдан да сұлу, бұдан да бай елге айналдыруға бағытталсын», - деп атап өтті.

ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатыбалдин: «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Қазақстан қоғамының саяси және экономикалық жаңғыртылуы, еліміздің әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіруі бізден еліміздегі көп этностық кеңістіктің бірігуін талап етеді. Ұлттық музей атынан бүгінгі салтанатты рәсіммен құттықауға рұқсат етіңіздер. Сіздерге шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін», - деді өз сөзінде.

Жиында сөз алғандар сондай-ақ, ҚХА жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы сынды ірі мерейтойлармен қатар келуі тегін еместігін атап өтті. Бұл көптеген сынақтардан өтсе де, өзара құрмет сезімін жоғалтпаған көпұлтты Қазақстан халқының тарихи тағдыры ортақ екендігінің айғағы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туын салтанатты түрде алып шыққан «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Героев Салман Сайдарович, оны Астана қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайыноваға тапсырды. Одан кейін ту ҚР Ұлттық музейіне табысталды. Туды қабылдап алған ҚР Ұлттық музейі директорының орыбасары А.Сатыбалдин: «ҚХА жылының туы музейден лайықты орын алады», - деп уәде етті.

Ресми бөлімнен соң елордалық этномәдени бірлестіктер әзірлеген концерттік бағдарлама басталды. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының атынан өнер көрсеткен «Вайнах» ансамблі келушілерді ырғақты биімен таңқалдырды. Сондай-ақ, «Возрождение» неміс қоғамының өкілі – Константин Ермоленко мен қырғыз этномәдени орталығының атынан өнер көрсеткен – Дариға Саттарова әуезді әннен шашу шашты.

      

 

 

__________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. +7707-310-53-54

WhatsApp - 7707-310-53-54

E-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15