You are here

ҚХА-ның ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

08.09.2017, 11:20   167

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 7 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Астананың жасыл белдеуі» атты  экологиялық акциясы болып өтті.

Экологиялық акцияның мақсаты – Астананың жасыл белдеуінің рекреациялық әлеуетін дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойына Қазақстанның табиғи байлықтарына ұқыпты қарауға дағдысын сіңіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Акцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай елордамыздың күн сайын көркейіп келе жатқанын, осы маңызды істе Елбасымыздың «Жасыл белдеу» бастамасы өте құнды болып табылатынына тоқталды. «Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Астананың жасыл белдеуі, бұл орман біздің таза ауамен дем алуға мүмкіндік беретін еліміздің тыныс органы - «өкпесі». Біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған сый, мәңгілік мұра».

Расымен де, бұл кейінгі ұрпақ үшін үлкен мұра. Осындай қолдан егілген орман ТМД елдерінің ешқайсысында жоқ. Бұл – бірегей қазақстандық жоба. Қазір Астана маңын 80-мың гектардан астам аймағын орман құрап отыр. Елбасымыз айтып өткендей: «ендігі мақсат осы орманға бағалы тұқымды ағаштар отырғызып, оны әрі қарай дамытып, болашақта оны Бурабай орманына ұластыру», - деп атап көрсетті ол.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев «жасыл белдеудің» пайда болу тарихы туралы, бұл өңірде орман шаруашылығын жүргізу ерекшелігі туралы, сондай-ақ, жасыл желектерді сақтау және аумағын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В.К.Божко бастаған Мәжіліс  депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Астана орманы» ЖШС, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен қала жастары қатысты.

Іс-шара аясында қонақтар мен қатысушылар «Жасыл белдеуді қалпына келтіру және жасыл белдеудің екінші кезегін жасау» жобасына сәйкес көшеттер отырғызды.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 8 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15