You are here

ҚХА мерейтойлық жылын қорытындылау

15.12.2015, 18:47   1404

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылын қорытындылауға арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен қалалық құрылым өкілдері, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылым және өнер саласындағы зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Салтанатты жиында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жиналған қауымды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, олардың еліміз бен елордамыздың гүлденуі жолында атқарған орасан зор еңбегі үшін, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.

«Біз – Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары, Ассамблеяның тікелей өкілі ретінде қоғам тынысына ерекше көңіл бөліп, этносаралық қарым-қатынастар саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған жаңа да жасампаз идеяларға жол ашып, ортақ шаңырағымыздың тұрақтылығы мен татулығына нұсқан келтірерлік теріс үрдістердің бетін ашуымыз керек»,- деді өз сөзінде Е.Аманшаев.

  

Іс-шара барысында жиынға қатысушылар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, қала меценаттары мен қайырымдылықпен айналысатын жандарға атқарған ізгі істері үшін Қазақстан Республикасының Президенті атынан алғыс хаттар тапсырылды.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15