ҚХА мен Таиланд ұлттық институты ұлтаралық қатынас саласында ынтымақтастық туралы келісті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

3 қыркүйекте Астанада ҚР Ұлттық академия кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Таиланд Королдігі делегациясының «Мемлекеттік органдар және ұлтаралық қатынастағы азаматтық қоғамның ынтымақтастығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға Төраға орынбасары, ҚХА Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, «Nation-building Institute» (Таиланд) институтының төрағасы, Гарвард университетінің аға оқытушысы, профессор Криенгсак Чароенвонгисак, ҚХА мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея құрылымдары қатысты.  

Леонид Прокопенко қонақтарды қарсып алып, Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық ынтымақтастықтың қазақстандық моделін ұсынды.

«Қазақстанның дамудағы маңызды шарты — бұл халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету, оның бірігуі, Қазақстанның барлық әлеуметтік-саяси, экономикалық реформалары үшін жүргізілетін шарт.      

Қазақстан халқы Ассамблеясын бірлік пен келісімді, конфессияаралық қатынасты үйлестіру үшін құру идеясын Қазақстан Президенті 1992 жылы Қазақстан халқы Форумында айтқан болатын.  Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында құрылды. Оның қызметі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған», — деп атап өтті Хатшылық меңгерушісі.

«Мен қазақстандық моделдің негізіне бірнеше қағида енгізілгенін атап айтқым келеді. 1989 жылдан бастап 40-қа жуық этнос өкілдері өздерінің дәстүрлері мен мәдениетін сақтап және дамыту мақсатында этномәдени бірлестіктерін құра бастады. Ал 1995 жылы біз Ассамблеяға біріктік. Одан бөлек, барлық этникалық топ өте жоғары әлеуметтік-құқықтық қоғамдық статусқа ие. Этностардың ешбірі де аз ұлт ретінде қарастырылмайды. Біз тіпті Қазақстанда бұндай түсінікті пайдаланбаймыз. Біздің әрқайсысымыз Қазақстанның азаматымыз — Қазақстан халқының ажырамас бөлігіміз. Этнос өкілдері және олардың мүддесін жүзеге асыру жоғары мемлекеттік деңгейде, Президенттің деңгейінде талқыланады. Мемлекет Басшысы Конституция кепілі және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып табылады. Бізде көп күттірген сан алуандылық қағидасы іске асты.

Біз қазақ халқы бірігудің бастауы деп ашық айта аламыз. ХХ ғасырда қазақ халқы сталиндік репрессия мен жер аудару кезінде 62 түрлі этносты қабылдаған. Осының бәрі халықты ұжымдастырудан кейін қазақтар жарты халқын жоғалтып алғанына қарамастан жүзеге асып жатты. Осы ауыр жылдарда бізде қазақтың қонақжайлылығының негізінде достық пен өзара көмектесу дәстүрі қалыптасты. Бүгінде біз қазақ халқын мәдени-тарихи өзек ретінде қабылдаймыз, оның айналасында біздің көптілділік пен конфессионалдық үлгі іргетасын қалауда. Қазақстан халқы Ассамблеясы жан-жақты тұғырда қарастырылады. Ол этникааралық қарым-қатынаспен жұмыс істей алады, азаматтық қоғамды бейнелейді, сондай-ақ мемлекетпен диалог құруды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық этностарының мүддесін қорғайтын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымына 1111 этномәдени бірлестіктер кіреді.

Этникааралық қатынастың мәселесін қарастыру ғылыми пайымдауды қажет етеді, сол себепті бізде Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылды. Оның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этникааралық және конфессияаралық қатынас орталығы болып табылады. Бұл бізге барлық мемлекеттік қызметшілерді этникаралық қатынас технологияларына оқытуға мүмкіндік береді. Әр облыста Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми тобы құрылған, алдыңғы қатардағы 40 ЖОО-да ҚХА кафедрасы жұмыс істейді. Бұл кафедралар студент жастармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және қазақстандық бейбітшілік пен келісім моделін үйретеді. Біз еліміздің барлық жастарын біріктіру үшін «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын құрдық. Бүгінгі күні бұл құрылым барша облыстарда тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Қорытындылай келе, өз сөзімді былай аяқтасам деймін: «Біз болашаққа үмітпен қараймыз, егер бірлік пен келісімді сақтай алсақ, соған жетеміз. Бірлік пен келісім болмаса, ештеңе де болмайды», — деді Л. Прокопенко.                      

 

 

Өз кезегінде профессор К. Чароенвонгисак жылы қабылдауға алғыс білдіріп, қазақтармен болған алғашқы кездесуі жайлы айтып берді.

«Мен қазақтарды 20 жыл бұрын Гарвард университетінде алғаш рет кездестірдім, олар мұнай және газ саласында жұмыс істеді. Сіздердің елдеріңізді, яғни, осы индустрияда қалай жұмыс істейтіндеріңізді, аталған саланы қалай дамытып жатқандарыңызды көруге бел шештім. Сонымен қатар Қазақстанда 130 этнос өкілдерінің тұрып жатқанын білемін. Әртүрлі мәдениеттегі халықтың бір елде тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мені қатты қызықтырды. Біз сіздерден қысқа мерзімде қарқынды дамуды үйренсек деймін. «Қазақстан-2050» Стратегиясы болашақтың мықты көрінісі болып табылады. Қазақстан уран өндірісінің жетекші өндірушісі, сіздерде сирек минералдар қоры өте мол және оны елдің дамуына дұрыс қолданып жатырсыздар. Біз сіздерден экономика, мәдениет және әлеуметтік аспектілерді үйрену үшін келдік. Мен осы кездесуден кейін Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыс күшейе түседі деп сенемін», - деп сөзін қорытты шетелдік жоғары мейман.

«Nation-building Institute» институты басқарушылық пен тайлық истеблишменттің өнегелік сапасын асыру бойынша енгізіліп жатқан жобасын таныстырды. Этникааралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмастырылды.  
 
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

 
 
Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 3 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.