You are here

ҚХА Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы

30.09.2016, 19:44   796

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 30 қыркүйекте сағат Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көшесі, 11) ҚХА Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Жоғарғы сотының өкілдері, Достық үйіндегі медиация кабинеттерінің меңгерушілері, ҚХА мен Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. 

Отырыс модераторы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында елдегі медиация институттарын дамыту Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарының бірі болып белгіленгенін атап көрсетті. Ассамблея қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастыру мен дамыту және кәсіби медиацияны дамыту бойынша жұмысты дәйектілікпен жүргізіп келе жатқанын,   бүгінгі жиын сол жұмысты жүйелеуге арналғанына назар аударды. Ассамблеяның Медиация орталығы ашылып, ҚХА Достық үйлері жанынан 17 медиация кабинеті ашылғанын, облыстарда 12 медиация кеңестері жұмыс істеп жатқанын мысалға келтірді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сот органдарымен бірлесе отырып, Ассамблея медиаторлары 8876 дауды шешуге қол жеткізген.

Баяндама жасаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА Кеңесінің мүшесі  Б.Ж.Әбдірайым медиация деген атау жаңа болғанымен, оның қазақ халқының өмір тіршілігінде бұрыннан болған нысаны - билер сотын мысалға келтірді. «Медиация туралы» заң қабылданған кейін бірқатар заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгенін айта отырып, мұның медиация ісін дамытуға оң ықпал еткенін атап көрсетті.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жанындағы «Әлеуметтік серіктестік орталығы» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Н.К. Ерімбетов өз сөзінде соңғы 4 жыл бойы медиациямен белсене айналысып отырғанын айта келіп, өңірлік медиаторлар дайындау туралы ұсыныс енгізді.

ҚР Жоғарғы сотының судьясы  Ұ.А. Сүлейменова Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғарғы сот арасында жасалған меморандумның іске асырылу барысы туралы; психолог, заңгер, кәсіби медиатор, медиация мен психология бойынша жаттықтырушы  Т.И. Савицкая медиация институтын дамытудағы жаңа ұстанымдар туралы; ҚР Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі  Б.А. Раисова медиация мәселелеріндегі отандық және шетелдік тәжірибе туралы баяндама жасап, өз салалары бойынша ой бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар ҚХА медиация кабинеттерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, азаматтық институттармен өзара ықпалдастығының негізгі тетіктері, ҚР сот жүйесіндегі медиацияның рөлі, сот органдарының ҚХА медиация кабинеттерімен өзара қарым-қатынасының мүмкіндіктері мен перспективалары туралы мәселелерді қызу талқылап, ҚХА медиация орталығын дамыту бойынша нақты мысалдар келтіріліп, тәжірибе алмасты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының медиацияны дамыту бойынша жұмысының нәтижелілігін арттыру мақсатында  Медиация институты Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі болып қайта құрылып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА Кеңесінің мүшесі  Б.Ж.Әбдірайым төрағасы болып сайланды.

______________________________

 «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13

E-mail: info_rgy@mail.ru  www.assembly.kz

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15