ҚХА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 7 желтоқсан күні «Comfort Hotel Astana» қонақ үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім Кеңестерінің республикалық форумы болып өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары  С.Вишняк, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінің мүшелері,  ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері,  мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер қатысты.

Форум барысында жалпы мемлекеттік міндеттерді және халықтың өзекті мәселелерін шешуге қоғамдық Кеңес мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, қоғамдық бақылау тетігі ретінде Кеңестердің рөлін күшейту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуында Кеңестердің қатысуының тиімділігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, қалалық, ауылдық деңгейлердегі және кәсіпорындардағы Кеңестердің жұмыс тәжірибесі қаралды.

Форумда сөйлеген сөзінде Д.Мыңбай «барлық әкімшілік-аумақтық деңгейлерде – облыстарда, қалалар мен аудандарда, ауылдық округтер мен жекелеген кәсіпорындарда Қоғамдық келісім кеңестерінің қарқынды өсуі байқалады. Бұл Кеңестердің Үшінші жаңғыртудың маңызды факторы бола алатын мүмкіндігін көрсетеді» деп атап көрсетті.

ҚХА Төрағасының орынбасары нақты өңірлерді атай отырып, кейбір проблемаларға да тоқталып өтті: «Алматы және астана қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық келісім кеңестеріне ерекше назар аударылуы қажет. Тап осы өңірлерде түрлі проблемалардың жоғары көрсеткіштері байқалады, бұл жерде халық белсенді, үкіметтік емес ұйымдар да белсенді». 

 Сондай-ақ Д.Мыңбай Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының ассамблеяларында жұмысты ұйымдастырудың жақсы мысалдарын келтірді. 

«Алматы облысының үлгісімен басқа өңірлерде де қоғамдық келісім кеңестерінің бірыңғай вертикалі құрылып, нығая түсуде, - деді ол. -  Батыс Қазақстан облысында қалалық және аудандық кеңестердің төрағалары облыстық кеңестің құрамына енгізілген, кеңес мүшелерінің белсенді қоғамдық жұмысын ынталандыру және көтермелеу жүйесі әзірленген. 

Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысы – дау-жанжалсыз аумақ» жобасын іске асыруға барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері тартылған».

Басқа сөз сөйлеушілер де Кеңестер жұмысының маңызын атап өтіп,  Президент Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев Кеңестер  институтын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар бергенін, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруға белсене қатысу бойынша берілген тапсырмалардың өз өңірлерінде қалай орындалып жатқанынан  мысалдар келтіре сөйледі.  

Өңірлердің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, Кеңес қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жоспарларымен бөлісті. 

Форумның шеңберінде «ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін жетілдіру» (ҚХА Кеңесінің жұмысын әрі қарай реттеу туралы) форсайт-сессиясының өткізілуі – оның жаңашылдығы болды. Сондай-ақ «Баршаға арналған медиациялық технологиялар» атты тренинг өткізілді.

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 8 Желтоқсан, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.