You are here

ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығының 5-отырысы

15.11.2017, 20:42   325

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астанада, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығының  5-отырысы болып өтті.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым,  жоғары оқу орындарының  магистранттары мен студенттері қатысты.

Қазіргі кезде барлық өңірлерде, аса ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарында 33 кафедра жұмыс істеп, олар ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығына біріккен. Татулық пен келісімнің ғылыми зертханалары бола отырып, кафедралар Қазақстанның адам капиталын өсіруге арналған жаңа әлеуметтік технологияларды енгізудің тиімді диалог алаңына айналып отыр. 

Жиналғандардың алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай сөз сөйледі.  Ол кафедралардың қызметі Қазақстанның ғылыми, сарапшылық және қоғамдық кеңістігінде елеулі құбылыс, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызды факторы болып табылатынын атап көрсетті. 

«Өйткені сіздер болашақ Қазақстанның зиялыларын тәрбиелеп, олардың бойында  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатында белгіленген қасиеттерді қалыптастырып отырсыздар», - деді Д.Мыңбай.

Сөз сөйлегендер ҚХА кафедраларының қызметі ғылыми ойдың ұшқырлықпен өзгеріп отырған әлемге икемделуін және гуманитарлық инновациялардың оқу-тәрбие жұмысына тікелей енгізілуін қамтамасыз ететінін атап көрсетті. Челябинск қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастыққа арналған он төртінші форумында осы мәселеге баса назар аударылғанын айта кету керек.   

Сондықтан бұл мәнмәтінде ҚХА кафедраларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, жастардың бойында сананың ашықтығы, білімге құштарлық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік сияқты қасиеттерді ­­– шын мәнінде қоғамның құндылықтар негізін қалыптастыру Ассамблеяның ғылыми-ағарту қызметінің түйінді бағыттарының бірі болып табылады.  

 

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 15 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15