You are here

ҚХА Халықаралық әйелдер күніне арнаған құттықтауы

07.03.2017, 10:24   3107

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қымбатты әйелдер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бұл мейірімге толы жарқын мереке біздің жүректерімізді өмір беретін, сүйіспеншілігіне бөлейтін, қуаныш сыйлайтын және қиналған сәттерде қолдайтын Әйелге деген нәзік сезімдермен толтырады.

Бұл күні Қазақстанның барша халқы әйелге құрмет-қошемет көрсетіп, оның жасампаз рөліне бас иеді.

Сіздер, Қазақстан әйелдері, саясат пен бизнесте, ғылыми-өндірістік және әлеуметтік-мәдени салаларда жетекші орындарға ие болып, қоғамда татулық пен келісім, мейірімділік пен тыныштық, сенім мен үміт орныға түсуіне атсалысып отырсыздар.

Халықаралық әйелдер күні біздің бәрімізге тіршіліктің аса маңызды құндылықтары – ынтымақтастық, ізгілік, ризашылық, мейірімділік қасиеттерін тереңірек сезінуімізге мүмкіндік береді.

Ең бастысы, сіздер қасиетті жерімізге тірлік дәнін сеуіп, балаларымыз – Ұлы Дала Елінің азаматтарын тәрбиелеп отырсыздар.

Қымбатты аналарымыз, өмірлік серіктеріміз,

қарындастарымыз бен қыздарымыз!

 

Сіздермен бірге өміріміз мәнге толып, оның даналығын ұғамыз.

Ендеше, көктемнің осы мерекелі күнінде сіздерге арналып ең ізгі тілектер айтылсын!

Осы шуақты мерекені отбасында, өздеріңізді шексіз сүйетін азаматтардың, бақытты балаларыңыздың, адал достарыңыздың ортасында қарсы алуларыңызға тілектеспіз

Армандарыңыз орындалып, жүздеріңізде бақыттың нұры жайнасын!

Өмірлеріңіз татулық пен келісім, өзара түсіністік пен қуанышқа толы болсын!

Мереке құтты болсын, қымбатты ханымдар мен арулар!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15