Қазақстанның көпұлтты құрамасы Джакартадан 76 медальмен оралды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

2 қыркүйекте Қазақстанның құрама командасы Джакаратада өткен ХVIII жазғы Азия ойындарынан оралды. Екі апта бойы біздің отандастарымыз (475 адам) 57 спорт түрінен 46 Азия елдері құрлығының спортшыларымен күш сынасты.

Джакарта қаласындағы (Индонезия) XVIII жазғы Азия ойындарында Қазақстандық спортшыларымыз барлығы 10 спорт түрінен 76 медальге қол жеткізді, соның ішінде 15-і алтын, 11 спорт түрінен 17 күміс және 21 түрінен 44 қола медаль алды. Сонымен қатар 4 спорт түрінен — велошоссе, джиу-джитсу, көркем гимнастика, байдарка және каноэде ескек есуден біздің спортшыларымыз екі дүркін алтын медаль алды.

БАҚ баспасөз конференциясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдегендей, «Рио-де-Жанейро олимпиадасы аяқталған соң Қазақстанның ұлттық құрама командасының құрамы 2020 жылғы Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарында табысқа жетуді қамтамасыз ету мақсатында 70 пайызға жуық келешегінен үміт күттіретін жас спортшылармен жаңартылды».

«Спортшыларымыздың алтын медальге қол жеткізген семсерлесу, тас жолдағы велоспорт, көркем гимнастика, карате-до, джиу-джитсу, су полосы спорттарында үздік көрінгенін айта кету керек», — деді Министр.

Қазақстан құрамасының ұлттық құрамы туралы сұраққа Министрлікте біздің еліміздің намысын қорғағандардың арасында 10-нан астам ұлт өкілі, яғни, орыстар, өзбектер, татарлар, молдовандар, шешендер және тағы басқалары болғанын айтты.

 

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 6 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.