You are here

"ҚАЗАҚСТАН УКРАИНДАРЫНЫҢ РАДАСЫ" ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГНІҢ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

24.02.2017, 10:30   505

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 23 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғимаратында  "Қазақстан украиндарының радасы" заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің республикалық отырысы өтті.

Күн тәртібінде - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын қарау және және "Қазақстан Республикасының Конституциясына «өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Қазақстан украиндарының радасы" республикалық Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы - Тимощенко Ю. Е, "Қазақстан украиндарының радасы республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің, Үйлестіру Кеңесінің мүшесі - Ширмер Т. В., Астана қаласындағы "Оберег" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, "Қазақстан украиндарының радасы республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің, Үйлестіру Кеңесінің мүшесі - Рудой Н.М. баяндама жасады.

Іс-шараға "Қазақстан украиндарының радасы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, шақырылған қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15