You are here

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс айту күнін мерекелеуге орай құттықтау сөзі

01.03.2017, 14:58   2941

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құрметті қазақстандықтар!

 

Алғыс айту күні – бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше күн. Алайда аталған жас мереке шын мәнінде терең тарихи іргетасқа негізделген.

Ол адамның бойындағы ең асыл қасиеттер – мейірімділіктің, рахымдылықтың, өзара көмек пен өзін-өзі құрбан етудің барынша көрініс тапқан алмағайып заманды еске салады.

Алғыс айту күнін атап өте отырып, біз бір жағынан халқымыздың рухани қаһармандығына құрмет көрсетіп, өткенге көз жүгіртеміз. Ал екінші жағынан, адамгершіліктің айнымас негіздері арқылы жол тартылған болашаққа зор сеніммен қараймыз.

Біз Отанымыздың әлеуетін мейлінше жарқырата ашуға көмектесетін табыстарымыз бен жаңа сын-қатерлерге ризашылық білдіреміз.

Мен тәуелсіз елімізді бірлесіп құрып жатқан Қазақстан халқына ынтымағы мен ерік-жігері үшін алғыс айтамын.

Қайырымдылық пен өзара көмек көрсету дәстүрінің одан әрі нығая түсетініне сенімдімін.

Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңызға бақыт, отбасыларыңызға игілік, достық пен өсіп-өркендеу тілеймін!

 

Нұрсұлтан Назарбаев

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15