You are here

Қазақстан мен Беларуссия: мәдени әріптестік мәселесі

18.03.2017, 10:52   602

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 16 наурызда Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қазақстан-Беларусь. Мәдени әріптестік мәселесі» тақырыбына жастардың халықаралық дөңгелек үстелі өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылардың басты мақсаты - екі ел арасындағы мәдениетаралық сұқбаттасуды, соның ішінде жас ұрпақтың осы мәселеге қатысты қөзқарастарын қалыптастыруға арналды. Бұл ретте осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан «Радима» Беларусь мәдени орталығы» ҚБ екенін атап өткен ләзім.

Дөңгелек үстел жұмысына Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің консулі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстаздар құрамы, сондай-ақ Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктер мен ЖОО студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз баяндамаларында мәдениетаралық келісім жүйесіндегі жастар жұмысы мен әріптестікті және екі мемлекеттің бірлігінің маңызын атады. Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің консулі О. Васяк жастардың мемлекеттік саяси және әлеуметтік өмірдегі айрықша рөлін атап өтті. Сонымен бірге, ол өскелең ұрпақтың мемлекетті қалыптастыруға сүбелі үлес қосуы қажеттігіне басымдық берді: «Мемлекеттің әлеуметтік-демократиялық саясаты, жастар саясаты мен иделогиялық қызмет бағыты ең айрықша маңызға ие»,-деді өз сөзінде Олег Михайлович.

Қазақ ұлттық өнер университеті музыка факультетінің деканы, өнертану ғылымының кандидаты П. Шағыбаев екі елдің бірнеше рет өнерге қатысты әріптестік бойынша жұмыстарды қолға алғанын және алдағы уақытта да Қазақстан мен Беларусь студенттерінің өзара мәдени тәжірибе алмасуға дайын екендерін жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Е. Дулова мәдени-ағартушылықты дамыту бағыты бойынша тығыз байланыс орнай беретінін атап өтті.

Екі елдің бейресми жағдайда өткен кездесуінде арайы шығармашылық нөмірлерге кезек берілді. Бұл күні Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері келуші қонақтарға домбыраны, қобызды шебер орындап беріп, ұлттық ойындарымен тәнті етті.  

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15