ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 20 шілдеде Астана қаласындағы Wyndham Garden Astana қонақүйінің «Алтай» конференц-залында кәрістердің Қазақстанға қоныс аударылуының 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына арналған  Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумы өтті. 

Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін кезеңде, қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның болашағы зор бағдарламаларымен танысулары және қазақстандық бизнесмендер тарапынан серіктестерді іздестіру үшін 10-нан астам елден (Вьетнам, Германия, Испания, Канада, Колумбия, Қырғызстан, Корея Республикасы, Ресей, Өзбекстан, Украина, Жапония және т.б.) 200-ге жуық кәсіпкерлерді  Астанаға шақырды.

Форумның мақсаты – қазақстандық және шетелдік кәріс кәсіпкерлері өзара іс-әрекет жасауға арналған тұрақты коммуникациялық ақпараттық алаңша құру. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестігі «KAZNEX» агенттігінің, «АТАМЕКЕН» ҰКП, Корея Республикасының «KOTRA» Сауда және  инвестициялар жөніндегі агенттігінің өкілдері қатысты. 

Форум шеңберінде «YBLN» шетелдік кәріс бизнесмендері желісінің және өз қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Украинадағы 200-ден астам кәсіпкерді біріктіретін  ТМД елдеріндегі «ОКБК» кәріс бизнес-клубтары бірлестігінің кеңестері өтті. 

 Форумның екінші күнінде шетелдік қатысушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, көрмеге қатысушы елдердің павильондарымен танысқан кезде өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейте түсуге мүмкіндік алады.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының және Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Шетелдік кәрістерге жәрдемдесу қорының,  Корея Республикасының «KOTRA» Сауда және  инвестициялар жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 20 Шілде, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.