ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXV СЕССИЯСЫ «ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы болып өтті.

Оның жұмысына 1 500-ден астам қатысты. Олардың ішінде Ассамблеяның барлық өңірлерден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Сессияда өңірлерден келген делегаттар, ҚХА мүшелері, шетелдік қонақтар, жұмысшы мамандықтарының, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері және басқалар сөз сөйледі.

Сессия барысында Мемлекет басшысы ҚХА мүшесі, Ақтөбе облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Вишняк Сергей Викторовичті және ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Әзербайжандықтар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хамедов Абилфас Муслимовичті Ассамблея Төрағасының орынбасарлары етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды.

XXV сессияның қорытындысында Ассамблея қоғамдық сананың жаңғыруы заңды болып табылатыны және объективті түрде қажет екендігі, Қазақстанның бүкіл даму стратегиясына тұтастық беретіні атап көрсетілген үндеу қабылдады.

Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау бүкіл Қазақстан халқына және біздің әрқайсымызға тән қасиетке айналуға тиіс.

Өз үндеуінде ҚХА Қазақстан халқын Мемлекет басшысының қоғамдық сананың жаңғыруы бойынша бастамаларын іске асыруды қолдауға шақырды.

Осымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өз жұмысын аяқтады. Сессия соңында мерекелік концерт қойылды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.