You are here

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ РӘСІМІ

08.12.2016, 16:23   848

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жобаға қатысушылар, мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялардың өкілдері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының    «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін - мемлекеттік тілді үйренуіне бағытталған. Тәуелсіздіктің  25 жылдығында  жоба қарқынды дамуға ие болды, қатысушылардың қатары көбейе түсті. Жалпы,  2 жылда  1,5 млн бала  жобаны жүзеге асыруға қатысты. Жобаның мақсаты мемлекеттік тілді үйренуге негізделген.  Жоба  2 жыл ішінде  109 мың адамның басын қосты. Бұл мемлекеттік тілді меңгеруге құлшыныстың жоғары екенін көрсетеді. Конкурста  эссе  және бейнелер көрсетіледі. Бірінші кезеңде өңірлерде қатысушылар  тілді меңгеріп, номинант атанды, ал салтанатты шараға  үздік деп танылған 50 бала жетті», - деді «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі үш бағыт бойынша өтті: «Тәуелсіздік – тірегім», «Асыл сөз», «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің тірегі» (1-Қосымша).

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15